427

Азия ойындары: он қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты

Жасөспірімдер еліміздің намысын қорғап жатыр.

Азия ойындары: он қазақстандық боксшы жартылай финалға шықты
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бахрейннің Манама қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары жалғасуда. Бүгін жарыстың шешуші кезеңдерінің бірі — жартылай финалдық кездесулер өтеді.

Қазақстан құрамасынан бұл кезеңге он боксшы, оның ішінде алты ер және төрт әйел спортшы жолдама алды. Олар финалға өтіп, алтын медаль үшін таласу мүмкіндігіне ие болмақ.

Жекпе-жектер екі сессияда өтеді:
Күндізгі сессия — сағат 14:00-де,
Кешкі сессия — сағат 19:00-де басталады.

Күндізгі кездесулер:

54 келі: Рамина Маханова (Қазақстан) — Чандрика Пучари (Үндістан)

66 келі: Аяулым Оспанова (Қазақстан) — Улбосын Жалгабаева (Өзбекстан)

+80 келі: Эльнура Қоңырат (Қазақстан) — Фатемех Растегар (Иран)

50 келі: Жұмағали Нұрмахан (Қазақстан) — Кира Хасегава (Жапония)

75 келі: Санжар Матасов (Қазақстан) — Диорбек Муродиллоев (Өзбекстан)

Кешкі кездесулер:

75 келі: Камила Оспанова (Қазақстан) — Шанг Зенг (Қытай)

46 келі: Арман Мырсабит (Қазақстан) — Дамир Назаров (Тәжікстан)

54 келі: Досжан Жұмақан (Қазақстан) — Руисе Китамура (Жапония)

66 келі: Даниял Шалқарбай (Қазақстан) — Анант Дешмукх (Үндістан)

+80 келі: Мұхамедәлі Рүстембек (Қазақстан) — Фархоуд Горбани (Иран)

Жартылай финалдық жекпе-жектердің жеңімпаздары Азия ойындарының финалында ел намысын қорғап, алтын медаль үшін айқасады.

Материал авторы