730

Ұлттық қордағы 2,85 трлн теңге түгел жұмсалып кетті

Триллиондар қайда кетіп жатыр?

Ұлттық қордағы 2,85 трлн теңге түгел жұмсалып кетті
bob_sato_1973/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, биыл Ұлттық қорға түскен қаражаттың барлығы дерлік шығындалған. Қаржы министрлігінің дерегінше, 2025 жылдың 1 қазанына дейін қорға 2,85 трлн теңге түскен — бұл жылдық жоспардың 58 пайызы ғана.

Түсімдердің басым бөлігі мұнай саласынан келген:

корпоративтік табыс салығы — 876 млрд теңге,

пайдалы қазбаларды өндіру салығы — 780,6 млрд теңге,

экспортқа ренталық салық — 244,3 млрд теңге,

артық табыс салығы — 35 млрд теңге,

өнім бөлу келісімдерінен түскен үлес — 803,6 млрд теңге.

Алайда түскен қаржының 99,9 пайызы, яғни 2,845 трлн теңге, басқа мемлекеттік деңгейлерге трансферт ретінде аударылып кеткен.

Ұлттық қор шотында қалған сома — бар болғаны 354,5 миллион теңге.

Материал авторы