5039

Астананы «Елбасы» деп атауды ұсынған Бақытгүл Хаменова Атыраудағы тойда көзге түсті

Парамен сотталған Хаменова қайта сахнаға шықты ма?

Астананы «Елбасы» деп атауды ұсынған Бақытгүл Хаменова Атыраудағы тойда көзге түсті
azh.kz / ZTB NEWS

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда бұрынғы облыс әкімінің орынбасары, пара алғаны үшін сотталған Бақытгүл Хаменова көпшілік шарада бой көрсетті.

Telegram-арна ZTB NEWS таратқан бейнежазбаларда Хаменованың бірінші қатарда, полиция және жергілікті билік өкілдерінің қасында тұрған сәті байқалады. Куәгерлердің айтуынша, ол жиынға құрметті қонақ ретінде шақырылған.

Еске салайық, Бақытгүл Хаменова Абай ескерткішін орнату ісіне байланысты 4,5 миллион теңге пара алғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Сондай-ақ сот оны мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырған және мүлкін тәркілеуді бұйырған болатын.

Алайда Атырау облыстық сотының мәліметінше, жазаны өтеу үш жылға шегерілген, себебі Хаменованың екі кәмелетке толмаған баласы бар.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова — бұрынғы Мәжіліс депутаты әрі елдегі танымал саясаткерлердің бірі. Ол кезінде Астананы «Елбасы» деп атауды ұсынған болатын, бірақ бұл бастамаға тіпті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де «уақыты келген жоқ» деп қарсы шыққан еді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор