1637

Сенсация! 17 жасар ауыр атлетіміз екі мәрте әлем рекордын жаңартты (ВИДЕО)

Әлихан бірден екі алтын алып, екі рет рекорд жасады.

Сенсация! 17 жасар ауыр атлетіміз екі мәрте әлем рекордын жаңартты (ВИДЕО)
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық зілтемірші Әлихан Әскербай Бахрейн астанасы Манамада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарын сенсациямен аяқтады. Ол 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бір емес, екі алтын медаль мен бірнеше рекордты қатар орнатты.

Әлихан алдымен «жұлқа көтеру» сайысында жеңімпаз атанса, кейін «серпе көтеруде» де қарсыластарынан басым түсті.

Ол 172 келіні көтеріп, Азия мен әлемнің, тіпті Азия ойындарының рекордын бір сәтте жаңартты.

Күміс жүлде иегері — қытайлық Чен Синсин (171 кг), ал қола Оңтүстік Корея өкілі Ха Джун Кимге (167 кг)бұйырды.

Жарыс қорытындысы бойынша Әлихан Әскербай жалпы алты рекорд орнатты — бұл Қазақстан зілтемір спорты тарихындағы сирек жетістік.

Материал авторы