544

Шу қаласының 50 жастағы тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысы, Шу қаласының 50 жасар тұрғынынан тәртіп сақшылары 11 килограм 760 грамм болатын кептірілген марихуана тәркіледі, деп жазады smartnews.kz сайты

Шу қаласының 50 жастағы тұрғынынан 11 келіден астам марихуана тәркіленді
Stefan Puchner/Getty Images

Шу ауданында жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері «Toyota Corolla» автокөлігін тоқтатып, жүк салғыштан жолаушыға тиесілі қара полиэтилен пакетін табады.

– Күдікті өз кінәсін толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 296-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бап бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, – деді полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Рахметуллаев.