435

Семей мен Өскеменді кім жылытады? Қазақстан әлде Ресей?

Ресей салып береді деген жылу электр орталығының құрылысы тоқтап тұр.

Семей мен Өскеменді кім жылытады? Қазақстан әлде Ресей?
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Семей мен Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салу жоспарланып отыр. Үкімет басшысы барлық дайындық жұмыстарын 2026 жылдың наурызының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

«Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, қазір жобаны қаржыландыру көзі ізделіп жатыр. Негізгі нұсқалар – компанияның өз қаражаты және Ресей тарапынан қаржыландыру, ол екі ел арасындағы үкіметаралық келісім аясында ұсынылған.

«Біз Ресеймен бірге қаржыландырудың соңғы шарттарын пысықтап жатырмыз. Қай көзден қаржы тартылатыны туралы нақты шешім әлі жоқ. Қаржыландыру көзі анықталған соң, мердігерлерді таңдау басталады.

Бұл процеске ресейлік тарап та, жылу станцияларын салуға маманданған халықаралық консорциумдар да қатыса алады. Премьер тапсырған мерзімге дейін бәрі айқындалады», – деді Мақсұтов.

Алдын ала жоспар бойынша, станциялар құрылысы 2029 жылдың екінші жартысында аяқталмақ.

Материал авторы