SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан World Justice Project (WJP) Rule of Law Index 2025 рейтиңінде 143 елдің ішінде 66-орынды иеленіп, былтырғы көрсеткішінен көтерілді.
Аймақтық деңгейде (Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері арасында) республика 15 елдің ішінде 5-орында тұр. Бұл ретте Қазақстан Грузия, Черногория және Косовоға жол беріп, бірақ Түркия, Беларусь және Ресейден озып шыққан.
Айта кетейік, Ресей заң үстемдігі көрсеткіші бойынша ең үлкен құлдырауға ұшырап, рейтиңде елеулі төмендеді.
WJP деректеріне сүйенсек, әлем елдерінің 68 пайызында биыл заң үстемдігі деңгейі төмендеген. Соған қарамастан, Қазақстан аз ғана елдердің қатарында қалып отыр — мұнда көрсеткіш 1 пайыздан аз болса да өскен.
Зерттеу авторлары атап өткендей, әлем бойынша авторитарлық үрдістер күшейіп, сот тәуелсіздігі, сөз және жиналыс еркіндігі әлсіреген. Бірақ Қазақстанда бұл бағыттар тұрақтылығын сақтап қалды:
Сөз бостандығы әлемнің 73% елінде төмендесе де, Қазақстанда өзгеріссіз қалды;
Жиналыс еркіндігі 72% елде әлсірегенімен, Қазақстанда сақталған;
Азаматтық белсенділік 71% елде азайғанымен, Қазақстанда төмендемеген.
Рейтиң көшбасшылары: Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция және Жаңа Зеландия.
Соңғы орындарда: Венесуэла, Ауғанстан, Камбоджа, Гаити және Никарагуа.
WJP Rule of Law Index — 143 ел мен аумақтағы заң үстемдігін бағалайтын халықаралық рейтиң. Зерттеу барысында 215 мыңнан астам азамат пен 4 мыңнан астам заңгер мен сарапшыдан сауалнама жиналған. Индекс 2009 жылдан бері жыл сайын жарияланып келеді.
RUS