523

Алматыда түн ортасында Баум тоғайын тонағандар іздестіріліп жатыр

Полиция заңсыздыққа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Алматыда түн ортасында Баум тоғайын тонағандар іздестіріліп жатыр
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда Баум тоғайында ағаштардың заңсыз кесілуі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Қазір жедел және тергеу шаралары қолға алынып, оқиғаға қатысы бар адамдар анықталып жатыр. Іс Алматы полициясы басшылығының бақылауында.

Айта кетейік, 25 қазаннан 26 қазанға қараған түні Баума тоғайында белгісіз адамдар бірнеше үйеңкі мен акацияны кесіп, 11 жөкені арамен шауып кеткен.

Оқиға орнынан екі қол арасы мен бір бензопила табылған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 24 қазанда мұндай заңбұзушылық тіркелмеген. Дежурлық инспектор бұл туралы табиғат қорғау полициясына шағым түсірген.

Материал авторы