SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жұмыс берушінің жалақы бойынша қарызы ерекше тәсілмен өтелді – қызметкерге автокөлік берілген. Бұл туралы елорда прокуратурасы жазды.
Ведомство мәліметінше, жұмысшылардың құқығын қорғау мақсатында прокуратура бірқатар шара қабылдаған:
міндетті өндіріп алу, борышкерлердің мүлкін сату және активтерін тікелей қызметкерлерге беру.
Осы шаралардың нәтижесінде 1,1 млрд теңге сомасында жалақы берешегі өтеліп, мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалды.
Нақты жағдайда сот орындаушысы прокуратура актісінің негізінде құны 9 млн теңге тұратын автокөлікті жұмысшының пайдасына берді.
Тағы бір мысалда 60 қызметкердің мүддесін қорғау үшін 16 млн теңге дебиторлық берешек өндіріп алынған.
Прокуратура атап өткендей, еңбекақы бойынша қарыздарды өтеу мәселесі тұрақты бақылауда.
RUS