«Не бітірді олар?»: Роза Рымбаева саясатқа барған әншілерді сынға алды
Әнші өзіне депутат болуға бірнеше рет ұсыныс келсе де, бас тартқанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева саясат тақырыбына қатысты ойын айтты. Бұл туралы Stan.kz жазды.
Өнер жұлдызы Qajet арнасына берген сұхбатында өзіне бірнеше рет депутаттыққа ұсыныс түскенін, бірақ бәрінен бас тартқанын мәлімдеді.
«Маған үш рет депутат болуға ұсыныс жасалды. Екі рет – “Нұр Отан” партиясынан, бір рет – Бостандық ауданы атынан. Үшеуінен де бас тарттым. Мен депутат емеспін, саясаткер емеспін, заңгер де емеспін», – деді әнші.
Сондай-ақ халық әртісі саясатқа барған кей әріптестерін де сынға алды.
«Сіз ол жақта отырған әртістерді көрдіңіз ғой. Әншілерімізді де білесіз, аттарын атамай-ақ қояйын. Не істеді, не айтты, қандай пайда келтірді? Көбі атақ үшін барды деп ойлаймын», – деді Рымбаева.
Роза Рымбаева соңғы сұхбаттарында мәдениет саласындағы мәселелерге жиі пікір білдіріп жүр. Ал бұл жолы ол өнер мен саясаттың шекарасын нақты ажырататынын ашық көрсетті.
Материал авторы