594

Magnum, Small және Toimart бағаны ұстап тұруға уәде берді

Алматыда азық-түлік қымбаттамайды дейді әкімдік.

Magnum, Small және Toimart бағаны ұстап тұруға уәде берді
Максим Морозов / inbusiness.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласында ірі сауда желілері — Magnum, Small және Toimart — әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын жыл соңына дейін күрт қымбаттатпауға келісті.

Қала әкімдігінің мәліметінше, супермаркеттер баға үстемесін 15%-дан асырмай ұстап тұруға міндеттеме алды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтермеу және белгіленген сауда үстемесін сақтау үшін Алматы әкімдігі Magnum, Small және Toimart сауда желілерімен бағаны тұрақтандыру туралы меморандумға қол қойды», – делінген ресми хабарламада.

Бұған қоса, әкімдік отандық өндірушілермен тікелей жеткізілім жүйесін іске қоспақ. Енді алматылықтар жергілікті кәсіпорындардың өнімдерін қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Атап айтқанда, сауда сөрелеріне «Алатау-Кұс», «Отан Грин Фуд» және «Наурыз Агро» компанияларының құс еті, «Сары-Бұлақ» фабрикасының жұмыртқасы, «Асыл Дән» өндіретін күріш пен «КаистИнвест» зауытының қанты тікелей жеткізіледі.

Бұл шара баға тұрақтылығын сақтап, тұрғындарды негізгі азық-түлікпен арзан бағамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор