Соғысқа адам жетпей жатыр ма? Енді Ресей жігіттерді жыл он екі ай әскерге шақырмақ

Аиса Махамбет Редактор
28.10.2025, 19:26
1265
Соғысқа адам жетпей жатыр ма? Енді Ресей жігіттерді жыл он екі ай әскерге шақырмақ Эрик Романенко / ТАСС

Ресей Мемлекеттік думасы заң қабылдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей Мемлекеттік думасы азаматтарды әскери қызметке шақыру тәртібіне қатысты заңға түзетулер енгізді. Енді әскерге шақыру жылына екі рет емес, үздіксіз — 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін жүргізілетін болады.

Депутаттар бұл өзгерісті үшінші оқылымда қабылдап, оны Ресей президентінің жарлығы негізінде жүзеге асыру қарастырылғанын атап өтті.

«Әскерге шақыруға жататын, әлі қорда жоқ азаматтарды әскери қызметке президент жарлығы негізінде жыл бойы — 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін шақыру көзделеді», — делінген Мемдума сайтындағы хабарламада.

Қазіргі тәртіп бойынша Ресейде әскерге шақыру жылына екі рет өтеді:

1 сәуірден 15 шілдеге дейін,

1 қазаннан 31 желтоқсанға дейін.

Жаңа заң бойынша азаматтарды әскери бөлімдерге жөнелту мерзімі бұрынғысынша екі кезеңде өтеді, алайда шақыру науқаны тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, енді әскери комиссариаттың шақыртуы электронды реестрде жарияланған күннен бастап 30 күннен кешіктірілмей орындалуы тиіс.

Айта кетейік, бұл өзгерістер Ресейде мобилизациялық жүйені күшейтудің бір бөлігі ретінде қаралып отыр.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды