452

Таразда автобус күткен қызды алып қашқандар ұсталды

Жаңа заң қабылданған кезеңде оңбай қателескен жігіттер қамауға алынды.

Таразда автобус күткен қызды алып қашқандар ұсталды
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Таразда үш ер адам автобус аялдамасында тұрған қызды күшпен көлікке отырғызып, алып кеткен. Оқиға куәгерлердің көз алдында болған – кейбірі араласуға тырысқанымен, нәтиже бермеген.

Куәгерлердің айтуынша, бойжеткен айқайлап, қарсылық көрсеткен, алайда күдіктілер өте тез әрекет еткен. Көлік орнынан зымырап кетіп, көзден ғайып болған.

ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің мәліметінше, күдікке ілінген үш азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы — «Неке қиюға мәжбүрлеу» бойынша іс қозғалған.

Министрлік өкілі аталған баптың жақында ғана Қылмыстық кодекске енгізілгенін және оның қолданылуы бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Ішкі істер органдары азаматтардың жеке еркіндігіне қарсы кез келген әрекетті, соның ішінде неке қиюға мәжбүрлеуді қатаң түрде тоқтатады. Жаза бұлжытпай қолданылатын болады», — деді министрліктен.

Материал авторы