Ажар Ғиният медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы айтты

07.04.2023, 14:57
692
Ажар Ғиният медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істер туралы айтты Smartnews.kz

Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты 300-ге жуық іс қозғалады. Бұл туралы Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстыру кезінде Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Заң жобасын әзірлеу үшін кейінгі 3-4 жылда жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен және қаралған өтініштерге талдау жүргізілді. Осы орайда аталған мерзімде 14 мыңнан астам өтініш келіп түскен еді. Бұл тұрғыда медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерге талдау жүргізілді. Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша шамамен 300-ге жуық іс қозғалады», - деді А. Ғиният Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде.

Оның айтуынша, қылмыстық істер көбінесе өлім қаупі жоғары медициналық салаларда жиі қозғалады. Яғни акушер-гинекологтар, хирург мамандар, травматологтар, анестезиологтар істі болып жатады.

«Осындай жағдай болған кезде, медицина қызметкері жалақысының деңгейі қазіргі кезде науқастың денсаулығына келтірілген зиянды өз бетінше өтеуге мүмкіндік бермейді. Кей жағдайда осындай оқиғалар кезінде дәрігерлер туыстарынан қаражат жинап, өтемақы төлеп жатады», - деді ведомство басшысы.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды