Әкімдіктің уәдесінен шаршаған өскемендік тұрғындар асарлатып, өздеріне көпір салып алды

Азиз Қалижан Редактор
29.10.2025, 10:22
674
Әкімдіктің уәдесінен шаршаған өскемендік тұрғындар асарлатып, өздеріне көпір салып алды Orda.kz

Халық небәрі 600 мың теңгеге көпір салып шыққан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменнің 20-ықшамауданында жергілікті тұрғындар өз қолдарымен көпір салып шықты. Бұған дейін олар бірнеше жыл бойы әкімдікке өтініш жасап, көмек сұрағанымен, нәтиже болмаған. Ақыры жұрт ежелгі қазақ дәстүрі — асарға жүгінген. Бұл туралы Orda.kz тілшісіне жобаның бастамашысы әрі құрметті ақсақал Қыдырғазы Баймұратов айтып берген. Ол да көпір құрылысына тікелей қатысқан.

Тұрғындар жыл сайын биліктен арық үстінен өткел салып беруді өтінген. Бірақ әкімдік жобаның «тым қымбат» екенін айтып, үнемі бас тартқан. Ал адамдарға көпірсіз жүру қиын болған — айналып өтетін жол шамамен 5 шақырым, батпақты жер, уақыт пен жанармай шығыны көп.

«Мен бұл маңайда 2014 жылдан бері тұрамын. Үйімді де өзім салдым. Сосын көршілер сенім білдіріп, мені ауданның ақсақалы етіп сайлады. Әкімдікке қарап отыра бермейік деп шештік. Былтыр белсенділер жиналып, өз ақшамызға плиталар мен блоктар алдық. Техника да өзіміздікі. Сөйтіп жеңіл көліктер жүретін көпір салып шықтық. Бар шығын – шамамен 600 мың теңге», — дейді Қыдырғазы Баймұратов.

Бірақ көп ұзамай жаңа өткелмен жүк көліктер де қатынай бастаған. Сондықтан тұрғындар биыл Республика күніқарсаңында көпірді қайта күшейтуге кірісіп, тағы да асар жасап, материал сатып алған.

Қазір көпір толық нығайтылып, ауыр көліктерге де төтеп бере алады. Жалпы шығын 880 мың теңгеге жеткен — бұл әкімдік айтқан сомадан бірнеше есе аз.

«Біз нақты іспен дәлелдедік: халық біріге білсе, көп нәрсе істей алады. Бірге жұмыс істеп қана қоймай, бірге тойлаймыз да — мысалы, Жаңа жыл мен Наурызды түгел аудан боп атап өтеміз», — дейді ақсақал.

Бұл тұрғындар бұған дейін де өз күштерімен мәселелерді шешіп жүрген. Мысалы, табиғи бұлақ көзін абаттандырып, бетон науа мен құбыр орнатқан. Енді ол жерге тіпті қаланың орталығынан адамдар келіп, таза су алып кетеді.

Сондай-ақ, қала әкімдігі жол жөндеу үшін мердігер жалдағанда, тұрғындар қоғамдық бақылау орнатып, жұмыс сапасын өздері қадағалаған. Соның арқасында жол берік әрі тегіс болып шыққан.

«Біз жол салынса — бір жылда бұзылып кететінін білеміз. Сол үшін өз көзімізбен бақылайық дедік. Нәтижесінде бәрі сапалы жасалды. Өйткені істің арты жауапкершілікпен атқарылғанда ғана береке болады», — дейді Қыдырғазы Баймұратов.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады