343

Батыста мұнайшылар ереуілге шықты

Энергетика министрлігі жағдайды бақылауға алғанын айтты.

Батыста мұнайшылар ереуілге шықты
КазТАГ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстанда «МұнайСпецСнаб Компани» серіктестігінің жұмысшылары еңбек жағдайына наразылық білдіріп, жұмысын тоқтатты. Бұл туралы KazTAG агенттігі жазды.

Ереуілге шыққандардың айтуынша, олардың басты талабы — жалақыны көтеру, еңбек құқығын қорғау және әлеуметтік әділдік орнату.

«Біз, „МұнайСпецСнаб Компани“ қызметкерлері, өзіміздің еңбек құқықтарымыздың бұзылып жатқанын ашық мәлімдейміз. Талаптарымыз ескерілмегендіктен, 28 қазаннан бастап жұмысты уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Біз әділдік пен жұмысшылардың құқықтарын қорғауды талап етеміз», — делінген ұжым атынан оқылған үндеуде.

Желіде тараған бейнежазбаларда компания ғимаратының алдында ондаған адам жиналып, ереуілшілердің сөзін қолдап тұрғаны көрінеді.

Қазір бұл жағдайды Энергетика министрлігі бақылауға алған. Ведомство ресми түсініктеме әзірленіп жатқанын хабарлады.

Материал авторы