Трамп Ким Чен Ынмен кездесуге сақадай сай отыр
Негізі Ким Чен Ынмен қарым-қатынасым жақсы дейді Трамп.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Азияға жасайтын жұмыс сапары барысында КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынмен кездесуге қарсы емес екенін айтты. Ол мұндай кездесуге қуана келісетінін жеткізді.
«Менің Ким Чен Ынмен ұзақ әрі жақсы қарым-қатынасым бар. Маған ол ұнайды, мен де оған ұнаймын. Егер ол кездескісі келсе, мен Оңтүстік Кореяда боламын», – деді Трамп журналистерге Жапонияға ұшып бара жатып.
АҚШ президенті мұндай кездесу үшін өз жұмыс бағдарламасын кеңейтуге дайын екенін де атап өтті. Трамптың айтуынша, КХДР-ға қарсы АҚШ санкциялары күн тәртібіндегі ықтимал тақырыптардың бірі болуы мүмкін.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитттің мәліметінше, Трамптың алдағы сапары Малайзия, Жапония және Оңтүстік Кореяға жоспарланған. Сондай-ақ ол АСЕАН мен АТЭС аясындағы іс-шараларға қатысады.
Материал авторы