776

Жалақы әділ бола ма? Энергетика министрлігі мұнайшылармен жаңа келісімге қол қойды

Мұнайшыларға жалақы төлеу жүйесі өзгеріп, әділдік күшеймек.

Жалақы әділ бола ма? Энергетика министрлігі мұнайшылармен жаңа келісімге қол қойды
Карлыгаш Нуржан / forbes.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша,  Қазақстанның Энергетика министрлігі мен салалық кәсіподақтар 2026–2028 жылдарға арналған жаңа салалық келісімге қол қойды. Құжат мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларындағы жұмысшылардың әлеуметтік қорғалуын күшейтуді және еңбекақы жүйесін әділ етуге бағытталған.

Келісімге қол қою рәсіміне энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек төрағалық етті.

Құжатқа қол қойған тараптар қатарында:

ҚР Энергетика министрлігі;

«Қазақстанның мұнай-газ кешені қызметкерлерінің салалық кәсіподағы»;

«Қазақстанның мұнай-газ салалық кәсіподағы»;

«Химия, мұнай-химия және онымен байланысты салалар қызметкерлерінің кәсіподағы»;

сондай-ақ жұмыс берушілер жағынан «KAZENERGY», «PETROMINING» және Мұнай-газ химиясы өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар қауымдастығы бар.

Негізгі өзгерістер мен жаңа тетіктер

Жаңа келісім еңбек ақыны есептеу жүйесін қайта қарауға бағытталған.
Мұнда:

разрядтар арасындағы коэффициенттердің ең төменгі шектері өзгертілді,

еңбек жағдайының зияндылық деңгейіне қарай жаңа коэффициенттер нақтыланды.

Бұл өзгерістер мұнайшылардың жалақысын есептеу жүйесін ашық әрі әділ етуге, сонымен қатар жұмыс ұжымдарындағы әлеуметтік ахуалды жақсартуға тиіс.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, жаңа келісім – саладағы әлеуметтік әріптестікті нығайту және әділ еңбек қатынастарының жаңа стандартына көшу жолындағы маңызды қадам.

Материал авторы