Нұралы Әліптің қателігі Ресейде қызу талқыланып жатыр

29.10.2025, 12:37
480
Нұралы Әліптің қателігі Ресейде қызу талқыланып жатыр Зенит ФК

Ресейлік Зениттің жеңілісіне Нұралының қателігі кінәлі дейді футболшы Игорь Семшов.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мәскеудің «Динамо» клубының жартылай қорғаушысы Бителло «Зениттің» қақпасына соққан голдан кейін Ресей спорт баспасөзі Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліптің әрекетін сынға алды.

Бұрын «Зенит» сапында ойнаған ресейлік футболшы Игорь Семшов бұл эпизодқа қатысты пікір білдірді.

«“Динамо” гол соққан сәтте Мостовойға қарсы ешқандай ереже бұзылған жоқ деп ойлаймын. Бұл футбол — балет емес, мұнда күштік күрес бар, соны қабылдай білу керек. Иә, жеңіл жанасу болды, бірақ фол емес.

Ал сұрақ Әліпке қатысты. Ол сол сәтте қолын көтеріп, төрешіге белгі беріп тұр. Бірақ футболда “ысқырғы шыққанша ойнау керек” дейді ғой. Ол сигналдан кейін ғана подкатқа кірді, бірақ тым кеш болды. Егер бірден әрекет етсе, допты алып үлгерер еді», – деді Семшов.

Оның айтуынша, дәл сол эпизодта “Динамо” ойыншылары жылдамдық артықшылығын сәтті пайдаланып, шабуылды нәтижелі аяқтаған.

«Глебов тамаша пас берді, ал Бителло бәрін сауатты орындады. Бір ғана сәт — және “Динамо” осы мүмкіндікті толық пайдаланды», – деп қорытындылады экс-футболшы.

Айта кетейік, матч 2:1 есебімен “Динамоның” жеңісімен аяқталды, ал Нұралы Әліп бұл ойында толық құрамда алаңға шыққан еді.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады