Пірматов «7-20-25» туралы: Бағдарлама үнемі жалғасатынын ешкім айтқан жоқ

07.04.2023, 15:48
729
Пірматов «7-20-25» туралы: Бағдарлама үнемі жалғасатынын ешкім айтқан жоқ smartnews.kz

«7-20-25» бағдарламасы дағдарысқа қарсы әрі уақытылы жүзеге асырылды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Ұлттық банк тоқсан сайын 25 млрд, жылына 100 млрд теңге делінген ақпаратты қадағалайтын болады. Қазіргі уақытта бұл параметрлерді өзгертуге қатысты ешқандай жоспар жоқ», - деді ол Ұлттық банкте өткен брифинг барысында БАҚ өкілдерінің «7-20-25» бағдарламасына қатысты қойылған сауалына орай.

Сонымен қатар ол арзан әрі нарыққа сай келмейтін несие ұсыну Ұлттық банктің міндеті еместігін баса айтты.

«Іс-шара дағдарысқа қарсы жасалды. Ұлттық банк бұл бағдарламаға қатысты. Олардың барлығы дағдарысқа қарсы әрі уақытылы еді. Бұл іс-шаралардан біз қалай тезірек шықсақ, барлық қазақстандықтар үшін ұзақмерзімді тиімдірек болады», - деді ҰБ төрағасы.

Ғалымжан Пірматов бағдарламаның уақытша болғандығын айтады.

«Естеріңізде болса, 2018 жылы ол жария етілген кезде 1 трлн теңге бөлінетіндігі айтылды және бұл қаражат осы жылдың бірінші жартыжылдығында таусылуы тиіс. Демек, іс жүзінде біз барлық міндеттемені орындаймыз. Уәде беріп, артынан қысқартып тастау деген жоқ. Бұл бағдарламаны үнемі болатындығын әрі қаржыға қатысты ешқандай шектеу жоқтығын ешкім айтқан жоқ», - деді Ғалымжан Пірматов.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды