Павлодарда бұрынғы мұғалім ҰБТ тапсыруға көмектесемін деп миллион ақша алған

29.10.2025, 12:48
407
Павлодарда бұрынғы мұғалім ҰБТ тапсыруға көмектесемін деп миллион ақша алған Azattyq Rýhy коллажы

Ұстаздық еткен мұғалім алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысының полициясы ҰБТ тапсыруға “көмектесемін” деп 1 миллион теңге алған әйелді ұстады. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі жеткізді.

Тергеу мәліметінше, Павлодар тұрғыны полицияға арыз түсірген. Ол бұрынғы мұғалімнің Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары ұпай алуға көмектесемін деп уәде беріп, ақшасын иемденіп кеткенін айтқан.

Қазір бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция күдіктінің осыған ұқсас басқа алаяқтық істерге қатысы бар-жоғын да тексеріп жатыр.

Құқық қорғаушылар азаматтарды сақ болуға шақырып, осындай қылмыстардың құрбаны болған жағдайда бірден полицияға жүгінуді ескертті.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Павлодар облысында 1800-ден астам киберқылмыс тіркелген. Олардың басым бөлігі — интернет-алаяқтық пен онлайн қызметтер арқылы жасалған қаржылық схемалар.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды