Астанада адамды тани алатын 22 мың камера орнатылады

29.10.2025, 13:25
782
Астанада адамды тани алатын 22 мың камера орнатылады freepik.com

Жаңа 53 млрд теңге тұратын бейнебақылау жүйесі «Сергектен» де ауқымдырақ болмақ.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана әкімдігі 2025 жылдың соңына дейін қала аумағына 22 мың заманауи бейнекамера орнатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек тұрғындармен кездесуде мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, жоба халықаралық Presight компаниясы қатысқан консорциумның жеке инвестициясы есебінен жүзеге асырылады. Жалпы инвестиция көлемі — 53 млрд теңге.

«Бұл жай ғана бейнебақылау емес. Жаңа камералар терең аналитика жүргізеді — адамды, көлік нөмірін, тіпті бұрынғы жүйелер анықтай алмаған өзге де белгілерді таниды», — деді Қасымбек.

Полиция дерегінше, бүгінде көшеде жасалатын қылмыстардың үштен бірі камералардың көмегімен ашылады. Жаңа жүйе іске қосылған соң, бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ әкім бұрынғы ЦУМ ғимаратының жөндеу жұмыстарына қатысты пікір білдірді. Бұл нысан болашақта жаңа бақылау жүйесінің басқару орталығына айналады.

«Ғимараттың жөндеу жұмыстарына бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды. Барлық шығынды консорциум өз мойнына алды», — деді қала басшысы.

Жаңа камералардың едәуір бөлігі қала шетіндегі Үркер тұрғын алабына орнатылады. Жоба толық көлемде 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады