Қытайда білімсіз блогерлерге ақыл айтуға тыйым салынды

29.10.2025, 13:56
2644
Қытайда білімсіз блогерлерге ақыл айтуға тыйым салынды znews-photo.zadn.vn

Енді Қытайда біліксіз коуч, психолог, ұстаздар болмайды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытайда 25 қазаннан бастап блогерлерге жаңа талап енгізілді. Енді олар белгілі бір салада кеңес бергісі келсе, сол бағыттағы ресми біліктілігін дәлелдеуі керек. Яғни медицина, құқық, қаржы және білім жөнінде контент жариялайтындарға диплом, кәсіби лицензия немесе сертификат міндеттелді.

Мұндай шараны Қытайдың Киберкеңістікті реттеу басқармасы (CAC) қолға алды. Ведомствоның түсіндіруінше, бұл бастама интернеттегі жалған ақпаратпен күресіп, қолданушыларды қауіпті немесе жалған кеңестерден қорғауға бағытталған.

Енді Douyin, Bilibili және Weibo секілді платформалар блогерлердің құжаттарын өздері тексеріп, талаптың сақталуын қадағалайды. Сонымен қатар, контент авторлары өз кеңестерін нақты ғылыми зерттеулер мен деректерге сүйеніп жариялауы тиіс.

Алайда бұл шешім қоғамда екіұшты реакция тудырды.

Кей сарапшылар жаңа ереже шығармашылық еркіндікке қысым жасап, тәуелсіз пікірлер мен сыни талқылауларды шектеуі мүмкін деп қауіптенеді. Ал қолдаушылар керісінше, бұл қадам жауапсыз блогингке нүкте қойып, маңызды тақырыптарда тек кәсіби ақпараттың таралуына жол ашады дейді.

Morocco World News жазғандай, Қытай билігі бұл бастаманы ақпарат кеңістігін «тазарту» және сенімді дерекке сүйенетін контент мәдениетін қалыптастыру бағыты ретінде қарастырып отыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды