«Провокатор»: қазақстандық теннисші Бублик сынның астында қалды

29.10.2025, 14:41
398
«Провокатор»: қазақстандық теннисші Бублик сынның астында қалды AFP-JIJI

Француз теннисшісі Бубликті үйіне қайтарамын деп сес көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парижде өтіп жатқан «Мастерс» турнирінің екінші айналымы алдында әлемнің 32-ракеткасы, француз теннисшісі Корентен Муте Қазақстанның бірінші нөмірлі ойыншысы Александр Бубликке қатысты қатқыл мәлімдеме жасады. Бұл туралы Championat.com хабарлады.

«Оның өзге ойыншылармен өзін қалай ұстайтынын бәріміз білеміз — үнемі арандатуға бейім, провокатор, қарсыластарына құрмет көрсетпейді. Бұған дейін де талай рет сөзге келдік, өйткені оның спортқа деген көзқарасы менікімен үйлеспейді. Ертеңгі матчта барымды салып, оны жарыстан ерте қайтаруға тырысамын», — деді Муте Punto de Break басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, бұған дейін, наурыз айында Финиксте өткен «челленджер» турнирінен кейін Бублик Мутені ашуға беріліп, төбелеске шақырған еді. Алайда француз сол кезде үн қатпаған.

Осы мәлімдемеден кейін жанкүйерлер алдағы матчқа ерекше назар аударып отыр — екеуінің арасындағы бұрыннан келе жатқан шиеленіс енді кортта шешілмек.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды