635

Жамбылда баланың сабаққа бармағаны үшін ата-анасы сот алдында жауап берді

Бала себепсіз сабаққа барғысы келмегені үшін әке-шешесіне айыппұл салынды.

Жамбылда баланың сабаққа бармағаны үшін ата-анасы сот алдында жауап берді
UNICEFKazakhstan/2023/GalinaSorokina

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, облыстың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған аудан аралық соты баласын тәрбиелеу және білім беру міндетін қайталап орындамаған ата-анаға қатысты істі қарады.

Сот материалдарына сәйкес, 2011 жылы туған ұлы бар азаматша П. биылғы жылдың 2 қыркүйегінен бастап баласының сабаққа себепсіз баруына жол берген. Бұған дейін ол 2025 жылдың маусымында дәл осындай заңбұзушылық үшін әкімшілік жаза алған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 2-бөлігіне сәйкес, мұндай әрекет үшін 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сот айыпталушының кінәсін мойындағанын, жас балалары бар екенін және ауырлататын мән-жайлар жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30 пайызға азайтты.

Нәтижесінде азаматша П. 41 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Материал авторы