Батыста ереуілге шыққан жұмысшылар талабына қол жеткізді

29.10.2025, 16:07
643
Батыста ереуілге шыққан жұмысшылар талабына қол жеткізді бейнежазбадан

Жалақыны көтеруді талап еткен мұнайшылар мен мекеме келіссөз өткізген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «МұнайСпецСнаб Компани» серіктестігінің қызметкерлері еңбек жағдайына наразылық білдіріп, жұмысын уақытша тоқтатқан болатын. Қазір жағдай тұрақталып, өндіріс қайта жанданған.

Ереуілшілердің басты талабы — жалақыны көтеру, еңбек құқығын қорғау және әлеуметтік әділдік орнату болған.

«Біз өз құқықтарымыздың ескерілмей келе жатқанын ашық айттық. 28 қазаннан бастап жұмысты уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық. Еңбек әділдігі мен қызметкерлердің құқығын қорғауды талап етеміз», — делінген ұжым атынан таратылған үндеуде.

Әлеуметтік желіде тараған видеоларда кәсіпорын ғимаратының алдында ондаған адамның жиналып, өз әріптестерін қолдап тұрған сәттері көрсетілген.

Кейін Энергетика министрлігі жағдайды бақылауға алып, мәселе бойынша ресми түсініктеме дайындап жатқанын хабарлады.

Бүгінгі жағдай бойынша ведомство өкілдері мен компания басшылығының араласуымен мәселе шешімін тапты.

«2025 жылғы 29 қазанға қарай «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС-дегі ахуал толық реттелді. Кәсіпорынның жұмысы қалпына келтірілді, еңбек ұжымы өз жұмыс орындарына оралды. Басшылық пен қызметкерлер арасында келіссөз жүргізіліп, өзара келісімге қол жеткізілді», — деп хабарлады компания өкілдері.

Айта кетейік, «Мұнайспецснабкомпани» ЖШС — «ӨзенМұнайСервис» компаниясына көлік қызметтерін көрсететін мердігер ұйым.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді