Тоқаев Финляндия президентін Ұлттық музейге апарды

29.10.2025, 16:19
387
Тоқаев Финляндия президентін Ұлттық музейге апарды Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия мемлекетінің басшысы Александр Стубб Астанадағы Ұлттық музейге барды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, музейде екі елдің президенттеріне Қазақстанның ежелгі тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін бірегей жәдігерлер таныстырылды. 

Қонақтар көне түркі өркениетіне арналған экспозицияларды, Ұлы даланың ежелгі өнері мен технологияларын, сондай-ақ қазақтың дәстүрлі мәдениетін бейнелейтін залдарды аралады.

Мемлекет басшыларына халқымыздың көпғасырлық тарихын көрсететін құнды артефактілер мен өнер туындылары ұсынылды.

Еске сала кетейік, Александр Стуббтың Қазақстанға ресми сапары аясында екі ел арасында 15 маңызды құжатқа қол қойылды.

Олардың қатарында:

– Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Финляндияның Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасы (STUK) арасындағы ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі меморандум;

– Су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Финляндияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігі арасындағы келісім;

– Су ресурстарын цифрландыру және басқару бағытында ғылыми және білім беру әлеуетін арттыру туралы Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі, Finnish Water Forum және Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті арасындағы меморандум;

– «Бурабай» курортында туризмді дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы келісім;

– Қазақстанда экологиялық ауыл жобасын дамыту жөніндегі меморандум;

– Сонымен қатар, «Теңіз жасағы» АҚ мен финдік Lamor Corporation Plc компаниясы арасында мұнайдың төгілуін жою және теңіз операцияларын қолдау саласындағы әріптестік жөнінде келісім бар.

Бұл құжаттар Қазақстан мен Финляндия арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, экология, энергетика, білім және туризм салаларындағы серіктестікті нығайтуды көздейді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды