903

Ресейлік тіс дәрігері қазақстандық әріптестерін сотқа берді

Ресейлік стоматолог сот арқылы 800 мың теңге өндіріп алды.

Ресейлік тіс дәрігері қазақстандық әріптестерін сотқа берді
Baza Тelegram-арнасы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейлік стоматолог қазақстандық клиникадан Instagram желісіндегі видеосын рұқсатсыз көшіргені үшін 786 мың теңге өндіріп алды. Бұл туралы Baza Telegram-арнасы жеткізді.

Константин есімді дәрігер өзінің «Сүт тістердегі кариес неге тұрақты тістердегіден қауіпті?» атты видеосының қазақстандық стоматология парақшасында дәл сол атаумен жарияланғанын байқап қалған. Ол өз контентін пайдалануға ешқандай келісім бермегенін айтып, сотқа жүгінген.

Соттың бірінші инстанциясы авторлық құқықтың бұзылғанын дәлелдеп, талапты толық қанағаттандырған. Юрист Дарина Лисецкаяның айтуынша, өтемақы көлемі роликтің қамтуы мен қаралымына қарай есептелген: бейнені 37 мыңнан астам адам көріп, жалпы қаралым саны 49 мыңнан асқан.

Нәтижесінде клиникадан 786 400 теңге өндірілді. Медициналық мекеме бұл шешімге шағым түсіргенімен, сот бастапқы үкімді заңды деп танып, күшінде қалдырды.

Материал авторы