SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылдың 1 қазанындағы елдегі ең ірі салық қарызгерлердің тізімін жариялады. Рейтингтің алғашқы ондығына елге танымал кәсіпкерлер мен Тұңғыш Президенттің туыстарына тиесілі компаниялар кірді. Бұл туралы «Курсив» басылымы жазды.
Бірінші орында – Алматыда тіркелген «Ai-To Progress» ЖШС. Мемлекет алдындағы берешегі 110,1 миллиард теңге. Компанияның иесі – Дәурен Молдағалиев. Екінші орында – Талғардағы «Tex Alliance» ЖШС, оның қарызы 95,9 миллиард теңге. Екі компания да көтерме саудамен айналысады әрі бұған дейін Бас прокуратураның контрабанда істеріне қатысты тергеулерінде аталған.
Үшінші орында – Алматыдағы «Alpha-bet» ЖШС. Негізгі қызметі – құмар ойындарын ұйымдастыру. Компанияның қарызы 92,4 миллиард теңге. Төртінші орында – «Group of the companies TDA» ЖШС. Ол Тұңғыш Президенттің қарындасы Әнипа Назарбаева мен кәсіпкер Әли Қылышпаевқа тиесілі. Компания 90,3 миллиард теңге берешек және бұған дейін Қытайдан тауар контрабандасы бойынша тергеуде болған.
Бестікті «OLIMP KZ» букмекерлік компаниясы түйіндейді – оның қарызы 83,7 миллиард теңге.
Сондай-ақ тізімде миллиардер Рашит Сәрсенов ортақ құрылтайшысы болып табылатын «Кастинг» ЖШС (18,7 млрд теңге), «GB Invest» (46,2 млрд теңге) және «КазГерСтрой» бірлескен кәсіпорны (9,4 млрд теңге) бар. Соңғысы Айдар Лазаров пен Қайрат Сатыбалдының ұлы деп аталатын Бауыржан Нұрсұлтанға қатысты деп көрсетілген.
Сонымен қатар, 5,3 миллиард теңге берешегі бар «Aktobe Smart Tech» ЖШС де тізімге енген. Ол бизнесмен Исламбек Салжанов пен Alageum Electric иесі Сайдулла Қожабаевқа байланысты. Компания бұған дейін заңсыз криптомайнинг ісі бойынша тергеуде болған.
Ал алғашқы ондықты 3,7 миллиард теңге салық берешегі бар Берік Боранбаевқа тиесілі «БатысНефтеТрэйд» ЖШС қорытындылайды.
RUS