Қазақстанның көрікті жерлерінде түсірілген Димаштың жобасы Қытайда таныстырылды

30.10.2025, 09:35
321
Қазақстанның көрікті жерлерінде түсірілген Димаштың жобасы Қытайда таныстырылды жеке парақшасынан

Димаш Құдайберген бастаған жоба Қытайда ресми таныстырылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қытайдың әйгілі Hunan TV телеарнасы Қазақстанның ең әсем туристік локацияларында түсірілген «Voice Beyond Horizon» атты жаңа халықаралық тележобаның промо-бейнесін көпшілікке ұсынды. Бағдарлама Қазақстанның табиғи және мәдени мұрасын миллиондаған көрерменге таныстыруды мақсат етеді.

Жоба Димаш Құдайбергеннің бастамасымен, Hunan Broadcasting System телеарнасымен бірлесе жүзеге асырылған. Түсірілім тобы биылғы қыркүйек айында Қазақстанды аралап, 7436 шақырымнан астам жол жүріп, 22 күн бойы еліміздің көрікті өңірлерін түсірген.

Бейнежобаның кадрларына Түркістандағы көне тарихи нысандар, Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалы мен Каспий теңізі жағалауы, Қайыңды көлі, Саты ауылы, Қапшағай су қоймасы, сондай-ақ Көбейтұз көлі мен Бурабайдың табиғи көріністері енген.

Түсірілімге Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербия елдерінің танымал орындаушылары мен өнерпаздары қатысты.

«Voice Beyond Horizon» жобасы 2026 жылы Hunan TV арнасында ресми түрде көрсетіледі.

Жобаның жүзеге асуына Kazakh Tourism ұлттық компаниясы, Туризм және спорт министрлігі, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, сондай-ақ өңір әкімдіктері қолдау білдірді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді