Бұрынғы шенеунік әрі Тоқаевтың экс-кеңесшісі Ержан Бабақұмаров қаза тапты

30.10.2025, 10:15
710
Бұрынғы шенеунік әрі Тоқаевтың экс-кеңесшісі Ержан Бабақұмаров қаза тапты gov.kz

Қаңтардан кейін көзге көрінбеген Бабақұмаров қайтыс болды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бұрынғы мемлекеттік қызметкер, экс-вице-министр және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Бабақұмаров мемлекеттік қызметті 1990-жылдары Алматы қаласы әкімінің аппаратында бастаған. Кейін Президент әкімшілігіне ауысып, ішкі саясат бағытын қадағалады және сол кезде Елбасы жанындағы Ақпарат орталығын басқарды.

2006 жылы ол Мәдениет вице-министрі қызметіне тағайындалды, кейін премьер-министр Кәрім Мәсімовтің кеңсесінде жұмыс істеді.

2019 жылы Бабақұмаров Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі болып, кейін Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына ауысты. Бұл қызметтен ол Бақытжан Сағынтаев қызметінен кеткен соң бірге кеткен еді. Соңғы атқарған қызметі — Орталық коммуникациялар қызметінің директоры.

Ержан Бабақұмаровтың жасы 56-да еді. Артында жұбайы, ұлы мен қызы қалды.

«Қаңтар оқиғасынан» кейін ол көпшілік назарынан кеткен. Соңғы рет биыл көктемде саясат тақырыбында сарапшы ретінде сұхбат берген болатын.

2025 жылдың ақпанында ол мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталып, сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)