«Алғаш әкелгенде себетте жатқан жұдырықтай ғана дірілдеген күшік еді. Қазір ойнақы, көзден таса етпеуді қажет етеді. Наурыз тазы күшігінің алғашқы аң аулауын, оның жетістіктері мен өсу кезеңін міндетті түрде көрсетіп отырамыз. Кім біледі, мүмкін ол Ақорданы өзінің жеке күзетіне алып қалар?!», - делінген видеоға берілген жазбада.
Еске салсақ, биыл Наурыз мейрамында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Наурыз атты тазы күшігі сыйға тартылған еді.
«Сізге сыйлық тарту еткіміз келеді. Ежелден қазақы ит тұқымы Қазақстанда өте құнды сыйлықтың бірі саналып келген еді. Өкінішке орай, соңғы жылдары оның құндылығы төмендеп бара жатыр. Сіз қабылдаған қазақы ит тұқымдарын сақтау және көбейту жөніндегі жаңа заңды қабылдаудың арқасында мына күшік те тазы тұқымын көбейтуге септігін тигізеді деп үміттенеміз. Құжаттары бар, аты – Наурыз. Ол осыдан 1,5 ай бұрын дүниеге келді. Тұқымында жалғыз болғандықтан осынай ат берудің нышандық мәні болды», - деген еді Президентке күшікті сыйға тартқан асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова.