319

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінде қызмет еткен Абзал Нүкенов енді әкім орынбасары.

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абзал Нүкенов 1978 жылғы 21 шілдеде Жетісу облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша тәмамдап, саясаттану ғылымдарының кандидаты дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2000 жылы кеңесші қызметінен бастаған. Кейін Республикалық «Отан» партиясының орталық аппаратында сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының ішкі саясат департаментінде үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бағыттарын басқарған.

Әр жылдары түрлі жауапты қызметтер атқарған:

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары (2006–2009);

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазіргі зерттеулер институтының директоры (2009–2011);

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Ситуациялық орталығы меңгерушісінің орынбасары (2011–2016);

Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі (2016–2018);

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2019–2022);

ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі (2025 жылдан бастап).

27 қазанда Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылып, Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Абзал Нүкенов — «Ерен еңбегі үшін» медалі (2012) және «Құрмет» орденінің (2025) иегері. 

Материал авторы