723

Танысу сайтына тіркелген алматылық жасөспірім қыз қылмыстың құрбаны болды

Алматылық жасөспірімнің онлайн таныстығы сотқа ұласты.

Танысу сайтына тіркелген алматылық жасөспірім қыз қылмыстың құрбаны болды
Domepitipat / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алатау ауданының прокуратурасы кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер бойынша қозғалған қылмыстық істі сотқа жолдады.

Тергеу дерегінше, жасөспірім қыз 2025 жылдың сәуірінде танысу сайтына тіркеліп, кейін сол жерден танысқан адамнан құқық бұзушылық әрекеттерге тап болған.

Сонымен қатар прокуратура «Дайвинчик знакомства» атты Telegram-арнаның жұмысын заңсыз деп танып, оның Қазақстан аумағында бұғатталуын талап етті. Аталған арна жас шектеуі жоқ және жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатер төндіретіні анықталған.

Прокуратура қала тұрғындарын, әсіресе ата-аналарды, балаларының интернеттегі белсенділігіне мұқият болуға шақырды.

«Интернет арқылы қарым-қатынас жасаудың тәуекелдерін түсіндіріп, күмәнді жағдай байқалса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлау қажет», — делінген ведомство хабарламасында.


Материал авторы