610

Оралда әкімдік алдында аштық жариялаған белсендіні полиция алып кетті

62 жастағы Бекболат Өтебаев бейбіт митинг өткізу құқығын талап еткен еді.

Оралда әкімдік алдында аштық жариялаған белсендіні полиция алып кетті
uralskweek.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Орал қаласының 62 жастағы тұрғыны, белсенді Бекболат Өтебаев әкімдік алдында бейбіт жиын өткізу құқығын талап етіп, жалғыз адамдық пикетке шықты. Ол қолына «Аштық. Бейбіт митинг өткізу құқығын талап етеміз» деген жазуы бар плакат ұстап тұрған. Бұл туралы «Уральская неделя» басылымы жазды.

Белсендінің айтуынша, соңғы бір жыл ішінде ол қымбатшылыққа қарсы митинг өткізу туралы әкімдікке төрт рет өтініш берген, бірақ әр жолы рұқсат ала алмаған.

Наурыз айында облыстық сот әкімдіктің әрекетін заңсыз деп танып, билікті азаматтардың бейбіт жиын өткізу құқығын бұзбауға міндеттеген. Алайда Өтебаевтың сөзінше, жағдай өзгермеген.

Белсенді бұған дейін де бірнеше рет ұсталып, полиция тарапынан күш қолданылғанын, бір рет көзінен соққы алғанын айтқан. Өтебаев — екінші топ мүгедегі және зейнеткер. Бүгін оны Оралда әкімдік алдында аштық жариялағанда полиция ұстап әкетті.

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор