SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейде қазақстандық құрастырудағы көлік иелері қайтадан утильалым төлеуге мәжбүр болуда.
Федералдық кеден қызметі Hyundai, Kia және Skoda маркалы 30 мыңнан астам автомобильдің иесінен қосымша төлем талап еткен.
Мәселе 2024 жылдың көктемінен бастап Еуразиялық экономикалық одақ аясында Ресейге жеткізілген көліктерге қатысты. Ол кезде автовладельдер утильалымды коммерциялық мөлшерлеме бойынша — 667 мыңнан 1,9 млн рубльге дейін төлеген.
Алайда қазан айынан бастап Федералдық кеден қызметі бұл көліктердің «импорттық декларациясы бар» деп шешіп, тағы 750 мыңнан 3,5 млн рубльге дейін қосымша төлем енгізуді талап етуде.
«Ақша төленбесе, көліктің электронды паспорты жойылуы мүмкін», — деп ескертті ведомство.
Көлік иелерінің айтуынша, бұған дейін кеден ешқандай сұрақ қоймаған, ал жаңа талаптар күтпеген жерден пайда болған. Бұл ретте Орталық акциздік кеден бұрынғы ережемен жұмыс істеп жатқанда, аймақтық бөлімшелер жаңа төлемдерді енгізіп отыр.
Казахстандық тарап бұл мәселеге араласудан бас тартқан. Ресми мәлімдемеде Ресей Федералдық кеден қызметінің әрекеті Қазақстан құзыретіне кірмейтіні айтылған.
Ал Архангельск облысында алғашқы сот істері басталып, кеденнің шағымдары қанағаттандырылған — көлік иелеріне миллиондаған рубль айыппұл мен өсімпұл төлеу міндеттелді.
Бұған жауап ретінде ресейлік көлік иелерінің бастамашыл тобы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенкодан қазақстандық құрастырудағы көліктерге қатысты өндіріп алуды тоқтатуды сұрады. Әзірге жауап берілмеген.
RUS