Өскеменде хоккейшінің өмірін қиған қылмыскер түрмеден құтылды
Айыпталушы амнистиямен босатылып шыққан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде жас хоккейші Ивaн Пыленоктың өліміне байланысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Л. кінәлі деп танылғанымен, оған амнистия қолданылып, жазадан босатылды. Бұл туралы YK-news.kz жазды.
Қайғылы оқиға өткен жылдың 2 тамызында Борис Александров атындағы спорт сарайының фойесінде болған. Тергеу материалдарына сәйкес, айыпталушы Ивaнмен жанжалдасып, оның мойнынан қысып, күш қолданған. Бірнеше секундтан кейін хоккейші есінен танып, жерге құлаған. Ол дәрігерлер келгенге дейін көз жұмған.
Сот-медициналық сараптама Ивaнның өліміне мойынның рефлексогенді аймағына түскен соққы себеп болғанын анықтады — ол жүректің рефлекторлық тоқтауына әкелген.
Сот айыпталушының әрекетін ҚР ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет») бойынша саралады. Жәбірленуші тарап істі қатаң бапқа ауыстыруды сұрағанымен, сот қасақана ниеттің дәлелі жеткіліксіз деп тапты.
Л.-ге 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ол ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай жарияланған амнистия аясында жазадан босатылды.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Материал авторы