Азия ойындары: Қазақстандық жас боксшылар Бахрейн рингін бағындырды
Боксшыларымыз Азияда екі алтын, бір күміс медаль жеңіп алды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Бахрейн астанасы Манамада өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар ел қоржынына екі алтын және бір күміс медаль салды.
50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жұмағали Нұрмахан финалда үндістандық Сингх Мойбунгхонгбамды бірауыздан жеңіп, Қазақстан құрамасының алғашқы чемпионы атанды.
Көп ұзамай 54 келі салмақта Досжан Жұмақан финалда тағы бір үнді боксшысы Матин Чамипуды бөлінген шешіммен жеңіп, Азия ойындарының алтын медалін еншіледі.
Ал 57 келі салмақта сынға түскен Арман Мырсабит финалда өзбек боксшысы Абдуғани Ёркинжоновқа 1:4 есебімен есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды.
Осылайша, жас қазақстандық былғары қолғап шеберлері Азия аренасында өз мықтылығын тағы бір дәлелдеді.
Материал авторы