Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін айдап кетіп, қаза тапты
Бауырластар тұрғын алабында соңғы екі айда екінші рет осындай қайғылы жағдай тіркеліп отыр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде 13 жастағы оқушы әкесінің автокөлігін айдап кетіп, қайғылы жағдайға ұшырады. Бұл – дәл осы Бауырластар тұрғын алабында соңғы екі айдың ішінде болған екінші ұқсас оқиға.
Облыстық полицияның мәліметінше, жол апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Белгілі болғандай, жасөспірім көлікті басқара алмай, жол жиегіндегі сайға аударылған. Ол ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші