SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорданың басты футбол бренді – «Қайсар» клубы ресми түрде жеке басқаруға берілді. Бұл шешім Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт инфрақұрылымын дамыту және футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес қабылданды.
30 қазаннан бастап «Қайсарды» «TAU Group LTD» компаниясының басшысы Исламғали Қозбақов басқарады.
Жаңа менеджмент клубты қайта түлетіп, 12 млрд теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр. Бұл қаражат академияны дамытуға, инфрақұрылымды жаңартуға және команда сапасын көтеруге бағытталады.
Жоба аймақ спортының бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, жастарды кәсіби футболға тартуды және Қызылорда футболының жаңа дәуірін бастауға жол ашуды көздейді.
Қызылорда облысының әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы бұл қадамды спортты жеке секторға сеніп тапсырудың оң үлгісі деп бағалады.
RUS