SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысында кәмелетке толмаған қызға қатысты ауыр іс тоқтатылды. Ата-анасының айтуынша, полиция күдіктіні жауапқа тартпай, істі пара арқылы жауып тастаған.
Оқиға 2023 жылы болған. Қыздың әкесінің сөзінше, күдікті — оның танысы. Ол қызды алдап, көлігіне отырғызып, белгісіз жерге апарған. Кейін бірнеше рет соққы көрсетіп, оның шәкіртақысын тартып алып жүрген.
Қыз ауыр психологиялық күйзеліске түсіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Колледж ұстаздары дер кезінде байқап, қызды аман алып қалған.
Ата-анасының айтуынша, тергеушілер қылмыстық іс қозғаудан бас тартып, «қызды ұятқа қалдырмау үшін кешірім беріңдер» деп үгіттеген. Әкесі бірнеше рет полиция мен прокуратураға шағымданғанымен, іс қайта қаралмаған.
Полиция бұл дерекке қатысты түсініктеме беріп, «жиналған материалдарда қылмыс белгілері дәлелденбегендіктен, іс заңға сәйкес тоқтатылды» деп хабарлады.
RUS