Жамбылда үш айда 13 азамат ұлтын ауыстыруға өтініш берген

08.04.2023, 09:47
568
Жамбылда үш айда 13 азамат ұлтын ауыстыруға өтініш берген Smartnews.kz

Жыл басынан бері, небәрі үш ай ішінде Жамбыл облысының 13 азаматы өз ұлтын ауыстыру үшін өтініш берген. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Арман Тұрдалиев хабарлады, деп жазады smartnews.kz сайты.

Жалпы, облыста анықтама деректерін өзгерту үшін 528 адам өтініш білдірген.

Оның ішінде 501 азамат тегін ауыстырғысы келсе, 14-і туған күні мен жылын өзгертуді қалаған. 13-і тіпті, өзге ұлт өкілі атанғысы келген.

Сондай-ақ, Арман Тұрдалиевтің айтуынша, Қазақстан Республикасының азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылданған – 542 адам, ҚР Президентінің Жарлығы бойынша қабылданған 54 адам құжаттандырылған.

Жалпы алғанда, облыс тұрғындарына 9657 паспорт және 23591 жеке куәлік беріліп, 4295 азаматтың жоғалған құжаттары қайта қалпына келтірілген.

Көрсетілген уақыт аралығында облыс бойынша жеке басын куәландыратын құжаттар ресімдеу үшін 33 мың 139 электрондық өтінім жіберілген.

Айта кетейік, бұған дейін Тараз қаласының №2 соты алаяқтық, ірі мөлшерде бөгденің мүлкін жымқыру және иемдену бойынша айыпталған 4 тұлғаға қатысты үкім шығарды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды