552

Алматыда белгілі құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды

Қаладағы бірқатар құрылыс жұмыстарын жүргізген компания заңсыздыққа жол берген.

Алматыда белгілі құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды
gov.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және құрылыс бақылау басқармасы бірқатар заңбұзушылықтарға жол берген «СК 7 Строй» ЖШС-нің құрылыс лицензиясын қайтарып алды.

Компания қаладағы бірнеше нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп келген. Олардың қатарында №112 жалпы білім беретін мектепке қосалқы ғимарат салу және Әуезов ауданындағы абаттандыру жобалары бар.

Басқарманың хабарлауынша, барлық нысанда жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде жобалық шешімдерден ауытқу және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің бұзылғаны анықталған.

Осыған байланысты «СК 7 Строй» компаниясына қатысты әкімшілік шара қолданылып, оның құрылыс қызметін жүргізу лицензиясы тоқтатылды.

Материал авторы