ChatGPT енді қазақстандық студенттер мен оқушыларға сабақ береді – Тоқаев

31.10.2025, 14:14
723
ChatGPT енді қазақстандық студенттер мен оқушыларға сабақ береді – Тоқаев Ақорда

Президент Қазақстанның ChatGPT негізінде білім беру жобасын іске қоса бастағанын мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан жасанды интеллектіні нақты өмірге енгізе бастады. Енді ChatGPT негізіндегі білім беру жобасы іске қосылады. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, білім мен ғылымға салынған инвестиция – елдің жарқын болашағына салынған ұзақ мерзімді қадам. Оның айтуынша, алдағы жылдары Қазақстан экономиканы жаңғыртып, жаңа өндіріс секторларын дамытуды, ал ең бастысы – жасанды интеллектіні барлық салаға енгізуді мақсат етіп отыр.

«Қазақстан технологиясы озық ел болуға нық қадам басты. Бұл – біздің жаңа ұлттық болмысымыздың маңызды бөлігі. 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік ІЖӨ көлемін 15 триллион доллардан аса арттырады деп болжанып отыр. Бірақ ең көп пайданы қай ел алады? Біз осы сұраққа нақты жауап іздеуіміз керек», – деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанда ЖИ мамандарын даярлау және бұл технологияны түрлі саламен интеграциялау – стратегиялық басымдық. Осы мақсатта жыл басында іске қосылған AI Sana бағдарламасы бойынша 540 мыңнан астам студент оқудан өткен. Енді жасанды интеллект курстары барлық мектеп пен университет бағдарламасына міндетті түрде енгізілмек.

Сонымен қатар елде Жасанды интеллект университетін ашу үшін дайындық жүріп жатыр.

Президент қыркүйекте АҚШ-қа жасаған сапары кезінде OpenAI компаниясымен өзара серіктестік орнатылғанын еске салды.

«Нәтижесінде Қазақстан ChatGPT негізінде білім беру құралдарын енгізу жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл – отандық білім жүйесінің цифрлық трансформациясының басы», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды