992

Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті

Екеуінің не талқылағаны белгілі болды.

Тоқаев Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті
Ақорда

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.

Кездесу барысында Тасмағамбетов Мемлекет басшысына қараша айының соңында Қырғызстанда өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық барысын баяндады.

Сонымен қатар тараптар Ұйымның қазіргі қызметі мен басым бағыттарына қатысты бірқатар мәселелердіталқылады.

Алдағы саммитте қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастық пен ұйымның стратегиялық бастамаларына басымдық берілмек.

Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, кездесу жұмыс сипатында өткен.

Материал авторы