Қазақстан полициясы ақыры Биволдың әйелін жазалайтын болды
Ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың әйелі қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ресейлік боксшы Дмитрий Биволдың жұбайы Екатерина Биволды халықаралық іздеуге жариялады. Бұл ақпаратты еліміздің Ішкі істер министрлігі растады.
Ведомствоның хабарлауынша, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу санкциясы берілген.
«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», — деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Биволға ұлттық және этникалық араздықты қоздыру бабымен айып тағылып отыр. Қазақстан заңнамасына сәйкес, мұндай қылмыс үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бұған дейін Екатерина Биволды дәл осы айыппен Қырғызстан да іздеу жариялаған болатын.
Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары әйелдің қазақтар мен қырғыздарға тіл тигізген әлеуметтік жазбаларына назар аударып, оны жауапқа тартуға кіріскен.
Материал авторы