Атырау облысында әкімдік қызметкері өз-өзін атып өлтірді

31.10.2025, 19:45
1057
Атырау облысында әкімдік қызметкері өз-өзін атып өлтірді Freepik

Полиция шенеуніктің өліміне қатысты тергеуді бастады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Құрманғазы ауданында мемлекеттік қызметкердің өліміне қатысты тергеу басталды.

Атырау облысының полиция департаменті 36 жастағы жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы өз-өзіне қол жұмсағанын растады.

Оқиға 30 қазаннан 31-іне қараған түні болған. Полиция Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.

Белгілі болғандай, марқұм өзінің аңшы мылтығынан оқ атып, оқиға орнында қаза тапқан.

Дереккөздердің айтуынша, шенеунік отбасылық жанжалдан кейін осындай қадамға барған.

– Ол қарапайым қызметкер болатын. Жергілікті жігіт, өз еңбегімен көтерілген. Соңғы уақытта ажырасу процесінде жүргені айтылған. Төрт баласы бар еді, – дейді марқұмды танитын ауыл тұрғыны.

Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр.
Тергеу амалдары Атырау облыстық полиция департаментінің бақылауында.

Құрманғазы ауданы әкімдігінен әлі түсініктеме берілген жоқ.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады