14502

Youtube ескі видеолар сапасын жасанды интеллектің көмегімен жақсартпақ

YouTube төмен сапалы бейнелердің сапасын автоматты түрде арттыратын жаңа мүмкіндікті іске қосады, деп хабарлайды The Verge.

Youtube ескі видеолар сапасын жасанды интеллектің көмегімен жақсартпақ

Бұл технология бастапқы сапасы 240p-тан 720p-қа дейінгі бейнелерді үлкейтуге арналған. Алдағы уақытта YouTube бейнелерді ЖИ арқылы 4K сапасына дейін жақсартуға қолдау қосуды жоспарлап отыр. Бұрынғы файлдар өзгеріссіз қаладыпайдаланушылар баптаулар арқылы түпнұсқа мен жақсартылған нұсқаның арасынан өздері таңдай алады.

Компанияның айтуынша, егер бастапқы кескінді сақтағысы келсе авторлар мен көрермендер автоматты түрде бұл баптауды өшіре алады. Бұл мүмкіндік контент жасаушылардың ЖИ алгоритмдері кескін сапасын қажетсіз өзгертеді деген шағымдарынан кейін енгізілген.

Жасанды интеллект негізіндегі апскейлинг технологиялары қазірдің өзінде кейбір теледидарлар мен медиаплеерлерде қолданылады.

YouTubeпайдаланушыларға толық бақылау мүмкіндігін ұсына отырып, нейрожеліге негізделген бейне сапасын жақсарту функциясын енгізген алғашқы ірі бейнеплатформа болды.

Автор: Ғасыр Құралбай