Презентация барысында компания басшысы Михаил Ломтадзе жүйенің қалай жұмыс істейтінін көрсетті: терминал пайдаланушының алақан биометриясын анықтап, төлемді интернет байланысы болмаса да бір сәтте жүзеге асырады.
Kaspi бұл шешімді өзінің ішкі технологиялары негізінде әзірлеген. Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа функция жоғары қауіпсіздік пен ыңғайлылықты қамтамасыз етеді — енді карта немесе телефон іздеп әуре болудың қажеті жоқ, төлем жасау үшін алақанды терминалға жақындату жеткілікті.
Айта кетсек, бұған дейін осындай идеяны қазақстандық Alaqan стартапы да таныстырған болатын. Ол алақан биометриясы арқылы сәйкестендіру технологияларына маманданған. Алайда Kaspi бұл шешімді өз экожүйесіне толық біріктіріп, оны жаппай қолдануға дайындады.
Жаңа мүмкіндік 2025 жылдың желтоқсан айында пайдаланушыларға қолжетімді болмақ.
Автор: Ғасыр Құралбай
RUS