9147

Бензин қымбаттаса — бірден хабарла: Энергетика министрлігі жедел желі ашты

Министрлік АИ-92 мен дизельге баға өсімін және газ жетіспеушілігін қатаң тексеретінін мәлімдеді.

Бензин қымбаттаса — бірден хабарла: Энергетика министрлігі жедел желі ашты
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Энергетика министрлігі АИ-92 бензинінің негізсіз қымбаттауы мен автогаз тапшылығына байланысты жедел желі іске қосылғанын хабарлады.

Ведомствоның айтуынша, бензин және дизель отыны мемлекеттік мораториймен шектелген, ал нарықтағы кез келген баға ойыны мен жасанды тапшылық жасау әрекеті қатаң тоқтатылады. Бұл жұмысқа Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен өңірлік штабтар да тартылған.

Министрлік тапшылыққа нақты себеп жоқ екенін айтады:
– өңірлерге қажетті көлем тиісті түрде жөнелтілген;
– мұнай базаларында қор бар.

Ал сұйытылған газ бойынша зауыттардың біріндегі жоспарлы жөндеу жұмысы алдын ала есепке алынған, сұранысы жоғары өңірлерге қосымша көлем бөлінген. Кей газ құю бекеттеріндегі кезектер логистика мен ішкі үлестірудегі кідірістерге қатысты.

АИ-92 бағасы шарықтаса немесе жанармай бекетінде отын жоқ болса, министрлік тәулік бойы келесі жедел нөмірге хабарласуды сұрайды:
+7 701 855 02 48

Түсетін барлық өтініш тексеріліп, заң бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

Материал авторы